Ар-намыс кодексі.

ОТАN GROUP" кәсіби бірлестігінің қатысушылары - көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары үшін кәсіби-этикалық нормалар жиынтығы ретінде Кодекс анықтайды:

- адамгершілік құндылықтар, міндеттемелер және біріктіру қағидаттары;

- жұмыс ұжымындағы өзара қарым-қатынасқа, жұмыстағы мінез-құлыққа қойылатын кәсіби-этикалық талаптар;

- жүргізушілерді даярлау бойынша оқу ұйымдары арасындағы, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау бойынша оқу ұйымдары мен "ОТАN GROUP" кәсіби бірлестігі арасындағы имиджді арттыруға бағытталған іскерлік қарым-қатынастар;

- заңды тұлғалар арасындағы өзара құрмет пен толеранттылық;

- адалдық пен еңбексүйгіштік;

- адалдық пен бастамалар.


Кодекс осы мақсаттарға қызмет етеді:

- кәсіби қызметтің адамгершілік-этикалық негіздерін және өз міндеттеріне кәсіби қарым-қатынасты орнату;

- мінез-құлықтың кәсіби-этикалық эталонына бағытталған кәсіби этика саласындағы нанымдар мен көзқарастар бірлігін қалыптастыру.

- қызметкерлердің бірлескен қызмет барысында туындайтын өзара қарым-қатынасының кәсіби-этикалық мәселелерін реттеу ;

- жалпы адамзаттық және кәсіби мораль нормалары мен қағидаттарына сәйкес келетін жоғары адамгершілік тұлғаны тәрбиелеу.